Главная » 2012 » Апрель » 3 » Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде болған өрттен 40 адам құтқарылды, олардың арасында 11 бала бар - ҚР ТЖМ
11:33
Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде болған өрттен 40 адам құтқарылды, олардың арасында 11 бала бар - ҚР ТЖМ
АЛМАТЫ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы «Люмир» сауда үйінде болған өрттен 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың арасында 11 бала болған, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Дүйсенбі, 2 сәуір күні Алматының Саин және Шалыпин көшелерінің қиылысында орналасқан «Люмир» сауда үйінің сыртқы қаптамасы өртене бастады. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылайды құтқарушылар.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 44 адамы мен 17 техника бірлігі жұмылдырылған.