Все для учителей, школьников и студентов

Пятница, 19.04.2024, 15:46

Приветствую Вас Гость | RSS | Главная | | Регистрация | Вход

Главная » 2012 » Апрель » 3 » Алматыда классикалық музыка концерті өтеді
11:34
Алматыда классикалық музыка концерті өтеді


АЛМАТЫ. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 4 сәуірде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында классикалық музыка концерті өтеді.

Ол Қорқыт қорының 10 жылдығына және Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының опера-симфониялық бөлімінің 20 жылдығына арналып отыр.

«Оған Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі, А.Жұбанов атындағы арнайы музыкалық мектеп-интернаттың «GIOVANI TALENTI» камералық оркестрі, ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі қатысады.

«Қобызшы Ықыластың «Кертолғауымен» басталатын бұл концертте ұлттық, халықтық және шетелдік классикалық туындылар орындалады», - дейді «Қорқыт» қорының директоры, музыкатанушы Дана Мейірбекова.

Оның айтуынша, шара барысында «Шекарасыз музыка» және «Скрипкаға саяхат» деп аталатын DVD дискілердің таныстырылымы болады. «Шекарасыз музыка» Қорқыт қорының өткен жылы өткізген концертінің, ал «Скрипкаға саяхат» Ахан Мейірбековтың әйгілі итальяндық скрипка шебері Франческо Биссолоттидің ұстаханасына барып, скрипкасын сыйлыққа алғанға дейінгі сапары түсірілген.

«Біздің барлық концерттеріміз алтын қорға енді. Енді «Мәдениет» арнасының қорын толықтырып жатырмыз. Демеушілердің көмегімен жыл сайын концерттеріміздің DVD дискілері шығарылып жатыр. Бұл концерт те болашақта жеке жинақ ретінде шығарылады. Оған жеке орындаушылардан ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Аида Аюпова, Дина Хамзина, Рымкеш Жұмалиева және халықаралық байқаулардың лауреаттары Ахан және Абылайхан Мейірбековтер қатысады. Сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Абзал Мұхитдинов, Дінзухра Тілендиева және Әнуар Нүсіпбаев, Ерболат Ахмедияров, Гүлмира Буенбаева, Арман Оразғалиев, Мүсілім Әмзе, Ахан Мейірбеков, Арман Жүдібаев, Берік Жайлаубаев дирижерлік етеді», - деді Д.Мейірбекова.
Автор: Ерлік Ержанұлы
Просмотров: 875 | Добавил: Galabrat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Меню сайта

Вход на сайт

Поиск

Календарь

«  Апрель 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 68

Мини-чат

200

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0