Все для учителей, школьников и студентов

Четверг, 18.04.2024, 05:43

Приветствую Вас Гость | RSS | Главная | | Регистрация | Вход

Главная » 2012 » Апрель » 3 » 02 Сәуір 2012, 20:19 Алматы қаласы әкімінің орынбасары бастаған ҚР делегациясы Францияда екіжақты кездесулер өткізді
11:35
02 Сәуір 2012, 20:19 Алматы қаласы әкімінің орынбасары бастаған ҚР делегациясы Францияда екіжақты кездесулер өткізді
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - 29 наурыздан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бастаған делегация Францияда сапармен жүр.

Сапар барысында франциялық тәжірибені зерттеу және өзара әрекет ету мақсатында билік, академиялық және іскерлік топ, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізілуде, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

Париж мэриясында болған кездесу барысында оның жоғары лауазымды қызметкерлері Мелиса Кейланимен және Даниель Офремен, Шығыс тілдері мен өркениеті жоғары мектебінің профессоры, Орталық Азия бойынша маман Катрин Пужольмен пікіралмасулар өтті.

Азаматтық қоғамның сенімін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары Гретс-Арманвилье комунна мэрінің орынбасарымен, Франция Қорғаныс министрлігінің сарапшысымен, Париж-2 университетінің профессорымен, «Уранскоп Франс» компаниясының вице-президенті Кристиан Бурдеймен және «Алма» халықаралық қауымдастығының президенті, «Алманың шығу тегі» фильмінің авторы және режиссері, ғалым биолог Катрин Пэкспен болған кездесулер барысында талқыланды.

Сондай-ақ делегация суды тазалау, ауаның ластануына мониторинг жүргізу, қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарында жұмыс істеп жатқан белгілі франциялық компаниялармен кездесіп, олардың тәжірибелерімен және нақты жобалар бойынша ұсыныстарымен танысты.

31 наурызда қазақстандық делегация Ренн қаласына аттанды, онда үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездесулер өткізу жоспарланған.
Просмотров: 1049 | Добавил: Galabrat | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Меню сайта

Вход на сайт

Поиск

Календарь

«  Апрель 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Архив записей

Наш опрос

Оцените мой сайт
Всего ответов: 68

Мини-чат

200

Статистика


Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0